Әкім болған депутат Сенаттан кетті

8 Желтоқсан 2022, 10:50
972
Бөлісу:
Әкім болған депутат Сенаттан кетті

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2017 жылы Батыс Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланған Нариман Төреғалиевтің өкілеттілігі тоқтатылды. 

Өздеріңізге белгілі, әріптесіміз Нариман Төреғалиев Президенттің Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Жаңа қызметін бастап та кетті. Соған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиісті ұсыным енгізді, - деп атап өтті Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Ұсынымды Орталық сайлау комиссиясы жариялады. 

Президенттің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы №33 Жарлығымен Сенат депутаты Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысы әкімінің лауазымына тағайындалды. Осыған орай, Конституцияға сәйкес Нариман Төреғалиевтің депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отырмыз, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов. 

Конституциялық нормаларға сәйкес бұл мәселе бойынша Сенат тиісті қаулы қабылдады. Сенатордың өкілеттілігі тоқтатылды. 

Өзгелердің жаңалығы