Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бұл мәселе айтарлықтай қоғамдық талқылауға ұшырады. Бір жағынан біз Бестамақ ауылының тұрғындарының шыдамы таусылғанын білеміз. Себебі олар соңғы кезде қалдық пен жағымсыз иіспен күресіп келеді. Бірақ біз барлығын заң аясында шешуіміз керек. Тұрғындардың өтініші бойынша жоспарсыз тексеру аясында олардың шағымдары орынды екені анықталды, - деді Оңдасын Оразалин.Оның айтуынша, қоршаған ортаға тигізетін зиян құны 7 млрд теңгені құраған.
Бізді тұрғындар қалай тездетсе де, барлығын заң аясында шешуіміз керек. Құзырлы орган тексерістері де әрекеттегі заң аясында болуы тиіс. Бұл үрдістердің жалғасқанына жарты жылдан асты. Тұрғындардың шағымдары заңды. Бүгінгі таңда барлық құзырлы орган бұл мәселені құқықтық алаңда шешуге мүдделі. Ол жерде 400-ден астам адам жұмыс істейді. Олар да жұмыссыз қаламыз ба деген алаңдаушылықта отыр. Олар да өздерінің құқықтарын қорғап, адвокаттардың көмегіне жүгініп жатыр, - деді ол.
Облыс әкімі сол себепті де бұл мәселенің шешілуі ұзаққа созылғанын айтты.
Бизнес бізде жақсы қорғалған. Екінші жағынан нормаларды бұзуға ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан біз сарапшылар сот шешімін күтіп отырмыз. Ол шыққан соң нүкте қойылады, - деді облыс әкімі.