Әкім Ақтөбедегі мектеп оқушыларының хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді

4 Қараша 2021, 16:01
948
Бөлісу:
Әкім Ақтөбедегі мектеп оқушыларының хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Орталық коммуникациялар алаңында айтты. 

Оның айтуынша, Ақтөбе облысында 2 мыңға жуық адам діни ахуал бойынша есепте тұр.

Менің ойымша, бұл жерде бұрынғы жылдармен салыстырғанда діни ахуал сондай күрделеніп бара жатыр деп айта алмаймыз. Әрине, деструктивті діни ағымдарда жүрген біраз жерлесіміз бар. Біз бір нәрсені түсінуміз керек. Олар да Қазақстанның азаматтары, сырттан келген бөтен адам емес. Сол тұрғыдан қарауымыз қажет. Әрине адам болған соң, оның саяси да, діни жағынан да көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін. Біз бір жағынан зайырлы мемлекетпіз, - деді ол. 

Облыс басшысының сөзінше, біз оларға «Әрі кет» деп айта алмаймыз. Мұндай жағдайда оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оң бағытқа бұрумыз қажет. 

Мұндағы бірден-бір мәселе – оларды әлеуметтендіру. Өздеріне, жанында жүрген жолдастарына жұмыс ұсыну, балаларын қалыпты мектептерде оқыту сияқты сияқты бауырға тарту шараларын жасап жатырмыз. Әр ауданда өзінің тиісті жоспарлары бар. Әрине, кейбір аудандарда діни ахуал өте күрделі де болуы мүмкін. Бірақ облыста бұрынғы жылдармен салыстырғанда асып бара жатқан проблема жоқ. Дей тұрғанмен бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз. Өйткені өңірде 2 мыңға жуық жерлесіміз деструктивті діни ағымдардың есебінде тұр. Біз оны жау деп есептемейік. Өзіміздің ішімізден шыққан бауырлар, жерлестеріміз. Бұларға түсіндіру, әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орнын тауып беріп, кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік жасауымыз керек, - деді Оңдасын Оразалин.



Өзгелердің жаңалығы