"Әкесінің жетісін, қырқын бермеген": Жұртты дүрліктірген имам өз шындығын айтты

Бүгiн, 01:19
289
Бөлісу:
"Әкесінің жетісін, қырқын бермеген": Жұртты дүрліктірген имам өз шындығын айтты
Фото: видеодан кадр

Атырау облысы Жылыой ауданының имамы Жасұлан Қазғали жұртты дүрліктірген видеосына қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыой ауданының тұрғыны әкесіне арнап дәстүрлі ас беруден бас тартқаны туралы мәлімдеме жасаған. Яғни жетісін, қырқын, жылдық асын бермейтінін, көңіл айту рәсімдерін өткізбейтінін айтқан. Сондай-ақ ол жақындарын да түрлі рәсімдерден бас тартуға шақырған.

Желіге тарап кеткен видео қоғамда түрлі пікір тудырды. Осыған байланысты ауданның имамы Жасұлан Қазғали түсініктеме берді.

Бұл ковид пандемиясы кезінде болған еді. Маған сол уақытта Құлсары қаласының тұрғыны келіп, карантинге байланысты адамдар жинала алмайтындықтан халыққа азық-түлік таратуға көмектесуімді сұрады. Біз келісіп, мұқтаж жандарға, күрделі жағдайда қалғандарға игі іс жасадық, - деп ағынан жарылды имам.

Жасұлан Қазғали қазіргі уақытта бұл видеоны кейбір адамдар имамдарға қарсы қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында пайдаланып жатқанын айтты.

Ол азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге, қандай да бір мәліметті таратпас бұрын оның рас-өтірігін тексеруге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы