Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

25 Тамыз 2021, 17:53
3720
Бөлісу:
Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек көрсетуге аттанған қазақстандық құтқарушылар елге оралды. Құтқарушыларды ТЖМ басшысы, отбасы және әріптестері қарсы алды.

7 тамызда «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ми-8 АМТ екі тікұшағымен 16 құтқарушыдан құралған жедел топ Түркияға аттанған болатын. Бүгін маңызды миссияны сәтті аяқтаған құтқарушыларды күтіп алуға келген отбасы мүшелері журналистер сұрақтарына жауап берді.

Акбарды нағыз офицер ден санаймын

Экипаж мүшесі Айбол Акбаровтың жары Арайлым Баймағамбетова екі қызымен экипажды күтіп алуға келген. Олар журналистермен өздерінің әсерлерімен бөлісті.

Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

Құтқарушы Айбол Акбаровтың қыздары әкелерін сағынғандарын айтып, оны мақтан ететіндерін атты.

Жұбайым «Түркияға іссапармен кетейін деп жатырмын» дегенде алғашында сенбедім. Өйткені тікұшақпен ұшатындарына сенбедім. Кейін заттарын жинап жүргенінде көзім жетті. Біраз уайымдадық. Дегенмен гуманитарлық көмек көрсету - Президентіміздің тапсырмасы. Сол себепті өзінің қызметтік борышын ақтауға аттанып жатқаннан соң бұл жаңалықты дұрыс қабылдадық. Тек қызметтік борышын адал орындап, елге аман-есен оралуын тіледік, - дейді ол.
Олар Түркияға аттанған отағасыларымен күнделікті хабарласып, жағдайын біліп тұрған.
Жұбайым жауапкершілігі мол, өз ісіне тиянақты қарайтын, берілген тапсырманың барлығын жіті орындайтын маман. Акбарды нағыз офицер деп санаймын. Оның жары болғаным үшін мақтанамын, - деп айтты Арайлым Баймағамбетова.
Ұлдарым әке жолын қуса, қарсы болмаймын

Жедел топтың офицері Әсет Жылқайдаровтың жары Әлия Жылқайдарова да пікірімен бөлісті.

Жолдасым ел атынан Түркия еліне үлкен миссиямен, яғни өрт сөндіруге кетті. Әрине отбасымыз түгел аман-есен оралуларын тіледік. Балаларым да уайымдады. Жиі хабарласып, жағдайын біліп тұрдық. Жолдасымның Түркиядағы өртті сөндіруге қол ұшын бергені үшін мақтан тұтамыз. Сондай-ақ елге абыроймен оралып жатқандарына қуаныштымыз. Өрт сөндіру жұмысы – қиын. Әр өртті сөндіруге кеткенде уайымдап отырамыз. Түркияға баратынын естігенімде уайымдадым. Себебі ол жақта алапат өрт орын алды. Дегенмен мемлекет атынан көрсетілетін гуманитарлық көмек болғандықтан, амандығын тілеп, жібердік, - дейді ол.

Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

Айтуынша, жолдасы 2006 жылдан бері өрт сөндіру саласында қызметін атқарып келеді.

Әлия мен Әсет Жылқайдаровтар екі бала тәрбиелеп отыр. Анасы ұлдары әке жолын қуса, қарсы болмайтынын айтты.

Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

Екі тікұшақ жерге қонғаннан кейін ТЖМ басшысы Юрий Ильин экипаж мүшелерін сәтті сапарларымен құттықтап, елге аман-есен оралғандары үшін қуанышты екенін айтты.

Қазақстандық құтқарушылар үшін бұл жұмыс үлкен тәжірибе болды

Жедел топтың офицері Әсет Жылқайдаров әріптестерімен бірге қызметтік борышын Түркия елінде қалай атқарғаны туралы айтып берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 7 тамыз күні ТЖМ-нің 16 құтқарушысынан құралған экипаж екі тікұшақпен Түркия еліне аттанды. Бұл бауырлас елге гуманитарлық құтқару көмегін көрсету үшін ұшты. Ол топтың құрамында өзім де бармын. Осы жедел топ Түркияның Даламан ауданына шоғырланды. Біз мұнда өрт сөндіру жұмыстарын жүргізіп, шамамен 300 тоннадан астам су төгіп, 80-ге жуық әуеге көтерілдік. Қазақстандық құтқарушылар үшін бұл жұмыс үлкен тәжірибе болды. Себебі ұшқыштар құрамы теңіз үстінен өтіп, кәсіби деңгейлерін шыңдады. Таулы аймақтан ұшып өту үшін де кәсіби дайындық керек, - деді ол.

Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

Оның сөзінше, құтқарушылар күніне 7-8 сағат кезекшілік тәртіп бойынша жұмыс істеген.

Таулы мекенде ұшудың өзі – қауіп. Түркия орманды, биік таулы аймақ. Түркия құтқарушылары авиациямен жұмыс жасайтынын көрдік. Мысалы, олар бір өртке 8-9 тікұшақ жұмылдырады. Дегенмен бізбің елмен салыстырғанда аса қатты айырмашылық жоқ. Бір мезетте әуеде бірнеше тікұшақпен өрт сөндіру тактикасын үйрендік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасын орындап, елімізге аман-есен оралдық, - деп айтты Әсет Жылқайдаров.

Сөз соңында елге оралып, отбасымен қауышқанына қуанышты екенін жеткізді.

Әкемізді мақтан тұтамыз: Түркиядан келген қазақстандық құтқарушылардың отбасы сезімдерімен бөлісті

Өзгелердің жаңалығы