Әкелер кеңесінің жұмысы белсенді

11 Қазан 2022, 20:45
1715
Бөлісу:
Әкелер кеңесінің жұмысы белсенді

Павлодар қаласында ата-аналар кеңесі мүшелерінің жиыны өтті. Шара барысында бала тәрбиесіндегі маңызды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

«Сеніммен болашақ» қоғамдық ұйымы Павлодар облысындағы филиалының басшысы Қызыр Жанарыстың айтуынша, бүгінгі таңда әкелер кеңесіне баса назар аударылып отыр.

Біздің басты мақсатымыз – бала тәрбиесі бойынша ата-аналарға бағыт-бағдар беру. Әсіресе, әкелердің отбасындағы рөліне мән береміз. Бүгінде аймақ мектептерінде әкелер кеңестері құрылды. Себебі, көбінесе әкелер бала тәрбиесіне, бала өміріне араласа қоймайды. Қазіргі уақытта әкелер кеңесінің мүшелері аналар кеңесінің жұмысына етене араласып, қоғамдық жиындарға қатысып жүр. Осы шара барысында әкелер кеңесінің жұмысымен таныстырып жатырмыз. Жыл бойы тұрақты жұмыс істейміз, – дейді Қызыр Жанарыс.

Мектеп жанынан құралған кеңес мүшелері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Олардың саны жыл сайын артып отыр. Қазіргі уақытта еліміз бойынша кеңес мүшелерінің саны 46 мыңнан асқан. Олардың екі мыңы – Ертіс өңірінің әкелері. Белсенділік танытқан азаматтар ресми түрде тіркелген.

Айта кетейік, пандемия кезінде ата-аналар кеңесінің жиыны өткізілмей қалған. Енді қайта жанданды. Кеңес мүшелері тәрбиелік мәні бар шаралар ұйымдастырып, ата-аналармен ортақ жұмыстарын жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы