Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық дәрігерлер реанимация бөлімшесінен жүрек тебірентерлік фотосурет жариялады. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, кадрлар Нұр-Сұлтандағы ковидтік стационардың бірінде түсірілген.
Онда науқастардың туыстары отбасылық фотосуреттері жабсырылған плакаттармен пациенттерді жігерлендіргісі келген.
Барлық фотосуреттер ЭКМО және ӨЖЖ аппараттарында жатқан науқастардың алдындағы қарама-қарсы қабырғада ілінген. Жансақтау бөліміндегі кейбір пациент есін біліп жатса, ал көбі ес-түссіз өмір үшін күресіп жатыр.
Орталық меңгерушісі, инфекционист дәрігер Татьяна Цечоева туыстардың мұндай тосынсыйлары науқастардың сауығып кетуіне үлкен ықпалын келтіреді деп отыр.
Балалары, отбасы болып палатада фотосуреттерді ілуді сұрағанда, әсіресе, реанимацияда жатқан адамдар үшін, біз мұны қуана жасаймыз. Өйткені, аурудан тез сауығу үшін ең жақсы ем – сізді үйде күтіп тұрғанын білу, өмір сүру керек екенін анық түсіну! Біз пациенттерге жиі келіп, оларға: «Сізді қалай жақсы көретіндігіңізді көрдіңіз бе?! Сіздің үйге оралғаныңызды күтіп отыр. Сіз оларды қазір қалайша тастап кете аласыз?! Сіз сауығып, туыстарыңызға жақын арада оралуыңыз керек». Сонда көптеген пациенттеріміз әлі де күресуге болатын нәрсе бар екенін түсінеді, - дейді дәрігер.
Кадрлардан «Әке, сені сағындық!», «Жанат, біз сені күтеміз!» деген қазақ тілінде жазуларды байқауға болады.
Дәрігердің айтуынша, кейде туыстары пациенттерге өздері, отбасы, өмірі мен қызметі туралы еске салу үшін өмірдің бір оқиғасын айтып беруді сұрайды. Мұның бәрі жақын адамына деген қамқорлық, махаббат пен жақсылыққа деген сенімді білдіреді.