АИТВ жұқтырған 200 әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

1 Желтоқсан 2022, 16:15
662
Бөлісу:
АИТВ жұқтырған 200 әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

Бұл туралы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Айтуынша, 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтіп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны өтті. 

Астанада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты және жалпы ел бойынша да қалыпты көрсеткішті көрсетіп отыр. Жүргізіліп жатқан жүйелі алдын алу шараларының нәтижесінде АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауына сәйкес шоғырланған сатыда. Өткен жылмен салыстырғанда халықтың АИТВ-ға тестілеу көлемі 17 пайызға артты. Елордада АИТВ-ға жыл сайын 300 мыңнан астам адам тексеріледі. Биыл АИТВ-ға 323 052 тест өткізілді. Бұл өткен жылдан 16,7 пайызға жоғары, тұрғындарды тестілеумен қамту 23,4 пайызды құрады, - деп атап өтті орталық басшысы.

Бұл көрсеткіш АИТВ-ның таралуын бағалау үшін жеткілікті деп отыр. 

Ерте тестілеудің арқасында АИТВ жағдайларының 82 пайызы аурудың 1-2 бастапқы сатысында анықталды. Бұл өз кезегінде пациенттерді уақтылы емдеумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іске асырылып жатқан іс-шаралардың нәтижесін перинаталдық трансмиссия деңгейінің айтарлықтай төмендеуінен байқау қиын емес. Соңғы 3-4 жылда қалада вертикальды жолмен берілген АИТВ жағдайлары тіркелмеді. Жалпы, АИТВ позитивті әйелдер арасында 1997 жылдан бастап 274 босану тіркелді. 184 бала дені сау ретінде есептен шығарылды, 54-і алгоритмге сәйкес 18 айға дейін байқалуда. АИТВ оң мәртебесі бар 24 әйел үш немесе одан да көп рет жүкті болып, дені сау балаларды дүниеге әкелді, олардың барлығы жүктілікке дейін және жүктілік кезінде міндетті түрде АРТ қабылдады, - деді Сәбит Әбдірайымов. 

Айта кететін жайт, 1 желтоқсан – АИТВ/ЖИТС қарсы күрес күні.

Өзгелердің жаңалығы