Аида Балаева қазақстандықтарды Аналар күнімен құттықтады

Қазақ мәдениетінде ана бейнесі әрдайым айрықша орын алған.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:20
Бүгiн 2026, 11:20
267
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Аналар күніне орай қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құттықтауында ол қоғамдағы аналардың ерекше рөліне және отбасы құндылықтарының маңыздылығына тоқталды.

Бұл – мейірімге, алғыс пен құрметке толы ерекше әрі шынайы жылы мереке. Бұл күн бізге өмір сыйлаған, махаббаты мен қамқорлығын арнаған жандарға арналады, – делінген құттықтауда.

Аида Балаеваның айтуынша, қазақ мәдениетінде ана бейнесі қашанда ерекше қадірленген. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құндылықтар халықтың бірлігі мен рухани күшінің негізі болып қала береді.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасында ана мен балаға қолдау көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның ішінде әлеуметтік қолдау шараларын дамыту, мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағдарламалары бар.

Ана – жылу мен мейірімге, шексіз махаббат пен қолдауға толы тұтас әлем, – деп атап өтті вице-премьер.

Сөз соңында Аида Балаева аналарға алғыс айтып, отбасыларға амандық тіледі.

Шаңырақтарыңыздан әрдайым жылу, махаббат пен береке арылмасын, – деді Аида Балаева.

Наверх