Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аида Балаева: Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді

Бүгiн, 14:35
104
Бөлісу:
 видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Елімізде азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева елордада өтіп жатқан Конституциялық комиссия отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының арқасында әділетті қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар.

Расында, азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы – қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын аңғартады. Бұл мәселеде қолдау да, үміт те бар. Әрине, алаңдаушылық пен сын да жоқ емес. Мұның барлығы біз үшін маңызды әрі назардан тыс қалмауы тиіс. Бүгін мен қоғамды ерекше толғандырып отырған бірқатар көкейкесті мәселе мен әлеуметтік саладағы маңызды бағыттарға тоқталғым келеді, - деді министр.

Сондай-ақ ол бірнеше мәселені атап өтті.

Біріншіден, әлеуметтік желіде мемлекет кепілдік беретін білім беру мен денсаулық сақтаудағы әлеуметтік міндеттемелер қысқартылады деген жаңсақ пікір тарап жатыр. Алайда жаңа Конституция жобасының преамбуласы мен бірінші бабында еліміздің әлеуметтік мемлекет екені нақты әрі айқын жазылған, – деп түсіндірді Аида Балаева.

Ол ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды деп атады.

Мына нәрсені айқын түсінуіміз керек: «тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ: «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Яғни азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді. Расында, аталған қызметтер ешқашан өздігінен тегін болған жоқ, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Осыған байланысты айтылып жүрген кез келген пайымның ешқандай негізі жоқ, - дейді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы