Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.