Ахметжанов Тоқаевқа Antikor-дың 8 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді

13 Қыркүйек 2021, 19:16
3356
Бөлісу:
Ахметжанов Тоқаевқа Antikor-дың 8 айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады.

 

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының негізгі қорытындысы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Президентке Мемлекет басшысы Жолдауының және тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Марат Ахметжанов агроөнеркәсіп секторындағы субсидиялауға қатысты кешенді талдаудың алдын ала қорытындылары және нақты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижелері туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдын алу шараларын белсенді жүргізе отырып, жиі кездесетін және тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру жұмыстары жөнінде айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановқа бірқатар нақты тапсырма берді.


 

Өзгелердің жаңалығы