Ахметов: Бір айдан соң тағы тексерем

9 Наурыз 2021, 22:40
1723
Бөлісу:
Ахметов: Бір айдан соң тағы тексерем

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі Даниал Ахметов операциялық блокты, реанимация, маммология және гинекология бөлімшелерін, сондай-ақ ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығын жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. 

Қайта жаңғырту құрылысын осы жылдың наурыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы сонымен қоса, Өскемен қаласының онкология және хирургия орталығын тексерді. Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары 95% орындалған.

Айта кету керек, жаңғырту жұмыстары онкологиялық орталықтың екінші корпусында жүргізілуде. Операциялық және Орталық зарарсыздандыру бөлімі бірінші қабаттан бесінші қабатқа ауыстырылды. Ғимарат үшін онкологиялық ауруларды барынша дәл диагностикалауға мүмкіндік беретін 128 тілімге арналған КТ, "Signa Architect 3.0 T МРТ" сатып алынды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта бір технологиялық базаны пайдалана отырып, қашықтықтан сәулелік терапия мен радиохирургиялық араласулардың барлық түрлерін жүргізетін желілік үдеткішті орнату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Инспекция аясында Даниал Ахметов нысан бойынша бірнеше ескерту жасады.

Жалпы барлық құрылыс жұмысы жақсы жүріп жатыр. Тек қабырға панельдерін қайта жөндеу керек. Олар әдетте ешқандай дыбыс шығармай, сапалы салынуы тиіс.  Медициналық біртекті линолеум да дәл солай, оны да қайта жасау керек. Наурыз айының соңында мен тағы бір тексеріспен келемін, - деді Д.Ахметов.

Өңірді дамытудың  кешенді бағдарламасы аясында Өскемендегі онкологиялық орталықтың 37 маманы әлемнің үздік онкологиялық клиникаларында, атап айтқанда: Ұлыбритания, Франция, Италия, Израиль, Түркияда біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, биыл тағы алты маман желілік үдеткіште жұмыс істеу бойынша оқудан өтеді.

Өзгелердің жаңалығы