Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтуде.
Конференцияны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы жүргізіп жатыр.
Конференцияда сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі екенін айтты.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырды.
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойын атап өту үшін 63 іс-шара қолға алынған. Оның 30-40 пайызы жүзеге асырылды. Бірақ ең жоғары халықаралық деңгейде өтетін іс-шаралар жылдың екінші жартысына түсіп отыр. Сол себепті мағанда біршама жауапкершілік түсіп отырған жайы бар. Қыркүйек айынан бастап Стамбұл және Анкара қалаларында дөңгелек үстелдер өтеді. Сондай-ақ Ахаңның мерейтойынам орай ЮНЕСКО деңгейінде конференция өткізу көзделуде. Ал жыл соңында қорытынды ретінде түркі әлемінің конгресі өтеді. Ол Түркістан қаласында өткізіледі. Оған қазірден бастап дайындалып жатырмыз, - деді ведомства басшысы.
Сонымен қатар конференция аясында Халықаралық түркі академиясының әзірлеген «Түркістан – түрк елі энциклопедиясы», «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары», «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітаптарының тұсаукесері өткізілді.
Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев өз сөзінде:
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы бізге тарих алдындағы асыл жауапкершілігімізді, халыққа қызмет етудің қасиетті дәстүрін еске салады, - деп атап өтті Бейшеналиев.