Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты өсті

4 Қыркүйек 2023, 09:22
720
Бөлісу:
Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты өсті
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

АӨК өнімінің экспорты 5% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға өсті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі жазды. Алғашқы жартыжылдықта өсімдік шаруашылығы өнімінің экпорты 1,5 миллиард доллардан асты. 

Ал мал шаруашылығы экспорты 80 миллион долларды құрады. Сыртқы нарыққа шығатын үздік тауарлардың тізімінде бидай, ұн, күнбағыс майы, зығыр тұқымы және арпа бар.

Өзгелердің жаңалығы