Агенттіктің қалыптасу жолы көз алдымызда өтті – Берік Уәли BAQ.KZ ұжымын құттықтады

26 Қараша 2020, 12:12
2014
Бөлісу:
Агенттіктің қалыптасу жолы көз алдымызда өтті – Берік Уәли BAQ.KZ ұжымын құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында BAQ.KZ ұжымын 10 жылдығымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Қазақстанның ақпарат кеңістігінен өз орнын ойып тұрып алған, жылдам жаңалықтың, мазмұнды материалдардың ордасына айналған BAQ.KZ сайтын 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Алғашқыда аймақтық басылымдарда жарық көрген мақалалардың басын бір арнада тоғыстыруды мұрат еткен сайт бүгінде үлкен ақпарат агенттігіне айналды. Осы 10 жыл ішінде сайт үздіксіз дамып отырды, қалыптасу жолы көз алдымызда өтті. Алдағы уақытта да еліміздің медиа кеңістігіндегі орнын нығайтып, іргелі ұжым болып қала береді деп сенеміз. Он жылдық белестеріңіз құтты болсын, әріптестер! Редакция ұжымына шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін!, - деп жазды Берік Уәли. 

Айта кетейік, BAQ.KZ ақпарат агенттігі Мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту және тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың қараша айында құрылды. Кеше портал өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев атаулы күнмен редакция қызметкерлерін құттықтап, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді. Сонымен қатар редакция ұжымын министрдің алғыс хатымен марапаттады. Оның ішінде агенттіктің шығарушы редакторы Самал Алманова «Ақпарат саласының үздігі» медалімен, бас редактор Мөлдір Бекбергенова мен аймақтық желі редакторы Назым Бөлесова және BAQ.KZ тілшісі Ержан Жаубай алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан бөлек 10 жылда порталдың жұмысына өз үлестерін қосқан бас редакторлар BAQ.KZ-тің тарихымен бөліскен еді.


 

Өзгелердің жаңалығы