Алматы дәрігерлері ағаштан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды

21 Шілде 2020, 18:39
1552
Бөлісу:
Алматы дәрігерлері ағаштан құлаған қыздың өмірін сақтап қалды

Алматы, BAQ.KZ. ШЖҚ "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы" МКК мекемесіне 10 жастағы қыз бала өте ауыр, коматозды жағдайда жеткізілді. 

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыз бала 2,5 метр биіктіктегі ағаштан құлаған. Құлаған кезде жерге басымен соғылған. Науқас хирургтер мен нейрохирургтер бригадасы тексергеннен кейін шұғыл реанимация бөліміне жатқызылды. Мидың және бас сүйегінің компьютерлік томографиясы сол жақ париетальды сүйектің депрессиялық-фрагменттік сынуы мен сол жақ париетальды сүйектің эпидуральді гематуралық сынығын көрсетті, - делінген хабарламада.

Орталықтың дәрігерлері шұғыл операция жасаған, себебі кішкентай науқастың өмірі қыл үстінде болған.

Шұғыл операция жүргізіліп, бас сүйегіне трепанация жасалды, осыдан кейін дәрігер ұйыған қанды гемотаманы алып тастап, мидың қатты қабығына пластика орнатты. Дәрігердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында операция сәтті өтті. Науқас бір аптаға жуық жансақтау бөлімінде болды, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қыз баланың жағдайы ауыр, тұрақты және реанимациядан аурухананың нейрохирургиялық бөліміне ауыстырылған.

Науқас есін жиды, уақытылы тамақтануда. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Ата-аналарға балаларын аулада ойнап жүргенде жиі қадағалап отыруды және "балалармен жарақаттанудың алдын алу және түсіндірме жұмыстарын" жүргізу қажет, - дейді аталған орталықтың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиев.

Өзгелердің жаңалығы