Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы

1 Қараша 2022, 19:00
2046
Бөлісу:
Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы
PHOTO

Ішкі істер министрлігі Астана қаласындағы №3 мектеп-гимназиясында «Бала – басты жолаушы» атты қауіпсіздік сабағын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.   

Осындай профилактикалық іс-шараларды біз ай сайын өткіземіз. Айына бірнеше іс-шара өтетін кездер де болады. Өйткені жол жүру ережелері – өзекті тақырып. Жақында осы тақырыпқа арналған қойылым көрсеттік, сондай-ақ сынып сағаттары, викториналар, дәрістер өткізіліп тұрады, - деді Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Мадина Сәдуақасова.

Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Ақтоты Боранова балалардың жол-көлік жарақатының алдын алуға бағытталған жұмыс мектеп ішінде сәтті жүргізілетінін айтады. Ал жол ережелеріне қатысты жарысқа қатысушылардың жол ережелерін білуі көлік тізгіндеген ерлерден кем емес екенін айтады.

Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы

   

10 жас пен 14 жас аралығындағы оқушылар арасында жыл сайын «Қозғалыстың жас инспекторлары» деген халықаралық деңгейдегі жарыс өткізіледі. Қатысушылар көліктің, велосипедтің, мопедтің, скутердің, гироскутердің, яғни жол жүрісіне қатысушы білуі міндетті ереженің барлығын үйренеді, - дейді ол. 

Аға инспектор әр оқушы жол жүрісіне қатысушы екенін алға тартады. 

Қазір жолаушы, жаяу жүргінші болса, болашақта жүргізуші, – дейді маман.

№3 мектеп-гимназиясына сабақты тыңдап, жол жүрісі қағидаларына қатысты өз көріністерін көрсетуге №84 мектеп-лицейдің оқушылары да келді.

Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы

Біз жол ережелерін міндетті түрде сақтауымыз керек. Егер мен пешеходтан өтсем, алдымен сол жағыма, сосын оң жағыма қарап, жасыл түс жанғанын күтемін. Себебі көлік қағып кетуі мүмкін. Бұл адам өміріне өте қауіпті, - деді №84 мектеп-лицейдің 7 «а» сынып оқушысы Азамат Кенжебай.

Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы
Аға инспектор: Әр оқушы – жол жүрісіне қатысушы
Өзгелердің жаңалығы