АЭС қазіргі әлемдегі электр энергиясының маңызды көздерінің бірі. Олар көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикалық өсімінде айтарлықтай шешуші рөл атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі таңда 31 елде шамамен 415 ядролық реактор жұмыс істейді. Ең көп АЭС АҚШ-та (94), Францияда (56), Қытайда (56), Ресейде (36) орналасқан.
Заманауи АЭС жер сілкінісі мен ұшақ құлауы сияқты төтенше жағдайларға төтеп бере алады.
АЭС апатының ықтималдығы 10 миллион жыл жұмыс істегенде 1 апаттан аз. Ал, көмірмен жұмыс істейтін электр станциясында жарылыс болу ықтималдығы 80 есе жоғары.
Қазақстанда АЭС салыну себебі – энергияның тапшылығы. Электр станцияларының 57% тозған. Тіпті 80-85% ескіргендері де бар.
АЭС салуға ұсынған жер – Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Балқаш көлінің маңында.
АЭС-тің экологиялық артықшылықтары:
- ауа ластануы өте төмен;
- жерді тиімді пайдалану;
- су ресурстарын сақтау.
АЭС-тің экономикалық артықшылықтары:
- бағаның тұрақтылығы мен болжамдылығы;
- электр қуаты бағасының төмендеуі;
- ел экономикасын ынталандыру.
Екі блоктан тұратын АЭС құрылысы 8 мыңға дейін адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, ал АЭС пайдалану кезінде 2 мыңға жуық жоғары және орта арнаулы білімі бар маман қажет.
АЭС салу жоспарланған аймаққа не пайда?
- облыстың және жалпы еліміздің экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктері;
- энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыру;
- заманауи технологияларды енгізу;
- қоршаған ортаны ластауды азайтудың арқасында экологиялық ахуалды жақсарту;
- өңірлерді дамытудың жаңа бағдарламасы – жолдар, темір жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер салынады;
- жергілікті бюджетке түсетін салықтардың артуы;
- 60 жылдан астам тұрақты энергиямен қамтамасыз ету.