АЭС салуға Алматы облысы Жамбыл ауданы ұсынылды

1 Ақпан 2023, 17:02
2522
Бөлісу:
АЭС салуға Алматы облысы Жамбыл ауданы ұсынылды
Фото: Abai.kz

Атом электр станциясын салу салынатын жер әлі таңдалған жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан атом электр станциясын салу мәселелерін қарау бойынша жұмыс жүргізуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар. Бұл –  уран мен оны қайта өңдеу өнімдерінің қорлары, сондай-ақ ғылыми база.
2022 жылы Қытай (CNNC), Ресей (Росатом), Корея (KHNP), Франция (EDF) сияқты елдерден жеткізушілердің тексерілген реакторлық технологияларының «қысқа тізімі» жасалды. Осы жылы реакторлық технологияны таңдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады, - деді Ақшолақов министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, атом электр станциясын орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды.

2023 жылы атом электр станциясын орналастыру ауданын таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатын болады, - деп мәлімдеді министрі. 

Өзгелердің жаңалығы