АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні

26 Тамыз 2024, 12:00
3048
Бөлісу:
АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
PHOTO
Фото: автордан

Беларусь АЭС-ін салу туралы шешім алғаш рет 2008 жылы қабылданған. Бұған жергілікті халық арасында пікір әр-алуан болды. Кейбір топ АЭС салу бастамасын қолдаса, кейбірі керісінше наразы болды. Ал, бүгінде тұрғындардың ойы бір арнаға тоғысқан, оң пікірде. BAQ.KZ тілшісі Беларусь еліне арнайы барып, АЭС-тің жергілікті қызметкерлерінің пікірін білді. Энергетиктер АЭС қауіпсіздігі жөнінде не дейді? Оның салынуы қалаға қандай серпін берді? Атом электр станциясының іргесіндегі тұрғындардың жағдайы қалай?

 

Беларусь атом электр станциясы 555 жылдық тарихы бар Островец қаласыныңда бой көтерген. Шаһарға 2012 жылы қала мәртебесі берілген. Содан бері мұндағы халқы саны екі есе өсті. Қазіргі таңда онда 14 мыңнан астам адам тіршілік етеді. Содан болар, соңғы жылдары әлеуметтік, спорттық-сауықтыру секілді инфрақұрылымдық нысандар қатары көбейген. Тіпті қала кеңейіп жаңадан шағын аудандар да бой көтеріп жатыр.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай
АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай

Біз Остравецтің жас қала екенін түсінуіміз керек. Бұрындары тек 8 мың тұрғыны бар аудан болған. 2012 жылдан бастап АЭС құрылысы басталды, сол тұста тұрғындар қатары өсе бастады. Қазіргі шаһар халқы екі есе көбейді, алайда, демография бірден өсті деуге келмес. Дегенмен Остравец қаласының маңайында тұрған аудандар мен облыстардың әл-ауқаты жақсара түсті, - дейді Островецк аудандық депутаттар кеңесінің төрағасы Геннадий Бычко.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай

Ал, ерлі-зайыпты Сергей Хаткевич пен Виктория Хаткевич АЭС саласында ұзақ жылдан бері жұмыс істейді. Екеуі де осы Остравец қаласының тумасы. Энергетка саласында жұмыс істеп жүріп, танысып, табысқан. Кейін отбасын құрып, әлі де бір жерде жұмыс істейді.

Алғаш рет АЭС салу шешімі қабылданғанда, басқалармен бірге үрейленгеніміз рас. Кейіннен көкейдегі сан сұраққа тиісті жауап алып, атом энергетика саласын тереңірек түсіне бастадық. АЭС-тің экологиялық қауіпсіз екенін, электр энергия тапшылығы болмайтынын біле бастағанда, көзқарасымыз түбегейлі өзгерді. Жасаымыз 40-қа таяды, біздің замандастарымыз үшін АЭС-ке үреймен қарау қалыпты жағдай. Өздеріңізге мәлім 1986 жылы Чернобыль оқиғасы болды ғой. Мемлекеттік органдар мен жергілікті билік АЭС салынбай тұрып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізе бастады. Иә, адамды бірден сендіру мүмкін емес, сондықтан түсіндірме жұмыстары ұзақ уақыт алды. Оның үстіне Остравец қаласында қоныс аударып келгендердің басым бөлігі Чернобыльден еді. Әрине, түбегейлі қарсы шыққандар болды, бірақ АЭС-тің тиімділігін түсінгенде кезде ой өзгерді. Біз станциясының жұмысшысы ретінде оның қауіпсіз екенін жақсы сезінеміз. Қауіпсіздікті сақтаудың барлық талабын білеміз. БелАЭС пен Чернобыль атом станцисының айырмашылығы жер мен көктей, біздегі АЭС өте қауіпсіз. Мұны өскелең ұрпақ пен өз қатарымызға үнемі айта жүремін, - дейді Виктория Хаткевич.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай

Тағы бір кейіпкеріміз 24 жастағы энергетик -Игорь Гриневич АЭС-те оқыту орталығында жұмыс істейді. Бар білімін Минскіде алып, тәжірибесін осында ұштап жүрген жайы бар.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай

Оқуымды біткен соң практикаға БелАЭС-ке келдім, осында тұрақтадым. Остравец қаласы өзіме ұнайды, жазы да керемет жайма-шуақ. Жұмыс таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін. Жұмыс мерзімі бес күндік. Бас-аяғы АЭС-те 2700-дей жұмысшы қызмет етеді. Әлемдегі ең қауіпсіз АЭС-тің бірі екенін білемін, себебі мен осындағы маманның бірімін. Уақыт өткен сайын мұндағы жұмысымды дамытатын боламын және атом станциясы үшін игі іс жасағың да келеді екен. Үнемі таныстарым мен достарыма АЭС жұмыс жөнінде толық ақпарат беріп, кездескен жерде тереңірек айтуға тырысамын. Бұл да менің бір міндетім, - деді ол.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні
BAQ.KZ/©Олжас Адай

АЭС жұмысшыларының әлеуметтік жағдайы да айтарлықтай. Еңбекті бағалау назарда, регламентке сәйкес лауазым өседі. Әлеуметтік лифті арқылы қызметкерлердің еңбегі еленіп, соған сай мансабы көтеріледі. Гриневич АЭС-тегі қызметкерлердің жалпы жағдайына да тоқталды.

Біріншіден, станция маған жұмысқа кірмес бұрын жақсы жалақы ұсынды. Еңбекақы тұрақты әрі уақтылы беріледі. Остравецке келгенімде басында жұмысшыларға арналған жатақханаға орналастым. Кейін екі айдан соң екі бөлмелі пәтер жалға берілді. Оның құны әлдеқайда арзан болды. Жұмысым тиянақтылық пен үнемі біліктілікті тереңдетіп отыруды талап етеді. Себебі жұмыста сақтанатын тиісті ереже көп. Қазір бойда бар үрейді жеңгендеймін. Бір жылда біраз тәжірибе жинадым. Остравецтегі кәсіподақ комитеті көптеген жұмыстарды атқарады. Ел ішіне немесе шетелге іссапарларға барып тұрамыз. Мәселен, маусым айында Мәскеуге бардық. Онда атом энергетика саласында жұмыс істейтін жас мамандармен кездесіп, тәжірибе алмастық. АЭС-те істейтін азаматтар түрлі спорт секцияларына тегін қатысады алады. Онда футбол, бассейн, баскетбол секілді спорт түрлері бар. Бір сөзбен жұмысшыларды сауықтыру нақты жолға қойылған, - дейді Игорь Гриневич.

АЭС салуда Беларусь тәжірибесі: Өткені мен бүгіні

Еске салайық, бұған дейін БелАЭС қауіпсіздігі қалай сақталатынын жазған едік. Сонымен қатар Беларусь АЭС-тің арқасында не ұтып отырғанын талдаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы