Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің кулуарында референдум өткізуге қанша қаржы кететін алдымен есептеу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясы АЭС салу бойынша референдум өтеді деп мәлімдесе, алдымен олар бюджет процесіне сәйкес, бізге тапсырыс береді. Яғни қанша қаражат керегін, қанша аумақта сайлаушылар комиссиясы ұйымдастырылатынын айтады. Мен тиісті есептеулерді айтпай тұрып, сіздерге қалай айтамын, - деді ол Мәжілісте.
Ерұлан Жамаубаев былтырғы референдумға қарағанда АЭС салу бойынша өтетін референдум шығыны аз болуы мүмкін екенін қоса кетті.
Басқаша әдістер қолданылуы ықтимал. Қомақты қаражат керек деп ойламаймын. Аз болуы керек, - деді ол.