Елордада Қазақстанда АЭС салу мәселесі жария түрде талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жария талқылауға елорда тұрғындары мен сарапшылар, ғалымдар қатысты.
Жиынның ашылуында Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті АЭС салудың қажеттілігі жайлы баяндама жасады.
Негізгі баяндамашылар сөйлеп болған соң талқылауға жиналған азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Тұрғындар АЭС салу туралы шешім қабылданса, оны кім салатынын, қанша жұмыс орны ашылатынын, АЭС-те қандай мамандар жұмыс істей алатынын сұрады.
Сонымен қатар қатысушыларды АЭС-тің қауіпсіздік мәселесі де қызықтырды.
Бұған дейін АЭС салу тақырыбын жария талқылауда Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбеков АЭС құрылысының Балқаш көліне қалай әсер ететінін түсіндірді.