АЭС салу тақырыбын жария талқылауда Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбеков АЭС құрылысының Балқаш көліне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
АЭС салу тақырыбын жария талқылауда Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбеков АЭС құрылысының Балқаш көліне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Эрлан Батырбековтің сөзінше, әлем бойынша АЭС-те болған апаттардан кейін ғылыми қауымдастық жұмыс әдісіне қайта қарауды қолға алған.
Ең басты мәселе - қауіпсіздік. Барлық жағдай мен апаттың салдары ескеріліп, қарастырылды. Бүгін әзірленіп жатқан реакторлар болашақтың реакторы. Қазақстанда салынуы мүмкін реакторлардың 3+ түрінде белсенді және баяу қауіпсіздік бар. Олар бір-бірін толықтырып отырады, - дейді сарапшы.
Эрлан Батырбековтің айтуынша, үшінші ұрпақ қазіргі заманғы талаптарға сай.
Ол реактор Балқаш көліне әсер етпейді. Су тек конденсат үшін қолданылады. Балқаш көлінен сол үшін су пайдаланылады. 1950-1960 жылдары салынған алғашқы атом электр станцияларында ең аз қауіпсіздік жүйесі болған, - дейді сарапшы.
Сөзінше, бұл реакторлардың міндеті атом энергиясын электр энергиясына айналдырудың негізгі мүмкіндігін көрсету болды. Екінші буын станцияларының қауіпсіздік жүйесі – 1970-1980 жылдар.