Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АЭС-ке қандай атау беріледі?

22 Тамыз 2025, 18:45
541
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Атом энергиясы жөніндегі агенттікте Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс өткізу мәселелерін қараған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиынды агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жүргізді.

Кездесуге мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттары және “Қазақстандық атом электр станциялары” ЖШС өкілдері қатысты.
Жоспар бекітіліп, техникалық мәселелер пысықталды

Отырыс барысында конкурс өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданып, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, конкурс комиссиясының құрамы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі мен техникалық қолдау тетіктері қарастырылды.

Жалпыхалықтық конкурс халықты болашақ АЭС атауын таңдауға белсенді тартуға бағытталған. Бұл бастама елдің мәдени және тарихи құндылықтарын ескеруге, сондай-ақ жобаның ашықтығы мен қоғам сенімін арттыруға ықпал етеді.

АЭС атауына ұсыныстар беру процесі мен нақты мерзімдер алдағы уақытта жарияланбақ.

Өзгелердің жаңалығы