«АЭС – елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі» дөңгелек үстелі өтті

26 Қазан 2023, 19:35
779
Бөлісу:
«АЭС – елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі» дөңгелек үстелі өтті
Фото: ЕҰУ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «АЭС – елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС ЕҰУ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің энергетиктері, ядролық физика саласының ғалымдары, оқытушылары, докторанттары, магистранттары қатысты.

Модератор ретінде ЕҰУ физика-техникалық факультетінің деканы Ерік Нұрмолдин жүргізді.

ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы байқалатындығын және АЭС электр энергиясының тұрақты базалық генерациясын қамтамасыз етуге көмектесетінін айтты.

Ол әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ, Франция, Жапония, ҚХР-да жаңа реакторлар салынып жатқанын атап өтті. Еуропа елдері де «жасыл энергетикаға» көшуге ұмтылады және атом энергетикасын дамытып, көбірек атом электр станцияларын салуда.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу жобасы, атом станциясының техникалық аспектілері мен экологияға әсері туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелде физик-ғалымдар, ЕҰУ энергетиктері сөз сөйледі. Олар атом энергетикасын дамыту қажеттігін атап өтіп, университетте АЭС үшін кадрлар даярлау қалай жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Сондай-ақ ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мәселелері қаралды.

Өзгелердің жаңалығы