Бүгін Орталық комиссия отырысында референдумға шығарылатын сұрақ жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайды. Референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.
Республикалық референдумға "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген тұжырымдағы ел болашағы үшін маңызды сауал шығарылады, - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Еске сала кетейік, кеше Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдум 6 қазанда өтетінін жария етті. Кейіннен Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Бұған дейін хабарлағамыздай, Орталық комиссия референдумның қалай өтетінін түсіндірген еді.