АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болады - Скляр жауап берді

8 Қазан 2024, 13:00
3306
Бөлісу:
АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болады - Скляр жауап берді
Фото: BAQ.KZ архив

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС бойынша құрылатын консорциум құрамында қанша ел болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Меніңше, консорциум құрамында бес мемлекеттен артық ел болмайды. Атом электр станциясы бір ғана нысан емес, оның құрылымы бірқатар нысаннан тұрады. Сондықтан әртүрлі елдердің озық технологияларын алғанда және оны жобалау кезінде осындай жұмыстарды жүргізу міндеті тұр. Онымен қоса, бұл станцияның құрылысына түрлі компаниялар мен қосалқы мердігерлер қатысады. Мұндай әлемдік тәжірибе қазірдің өзінде бар, өйткені ядролық құрылғыны бір ел, турбинаны екінші ел жасай алады. Мұның бәрі қосылып жақсы нәтиже бермек. Сондықтан біз тек бір мердігерге мен жеткізушіге тоқталмай, тәжірибе көрсеткендей, ең тиімді жұмыс істейтін консорциум құруымыз керек. Мәселе сонда, - деді Роман Скляр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Скляр консорциум қалай құрылатынын түсіндірді. Ол уақыт белдеуіне қатысты сұраққа да жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы