АЭА аумағында өндірілген тауарлар өндірісі 5,5 трлн теңгеге жетті

21 Шілде 2022, 15:41
1532
Бөлісу:
АЭА аумағында өндірілген тауарлар өндірісі 5,5 трлн теңгеге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бопазов Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, арнайы экономикалық аймақта қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын 818 қатысушы тіркелген. АЭА институциялық портфелін іске асыру есебінен отандық өнеркәсіпті дамыту үшін қосымша серпін беріледі.

Инфрақұрылымдық жобалардан басқа АЭА аумағында 21 мыңнан астам орындарын құра отырып, 1,2 трлн сомасына 315 инвестициялық жоба іске асырылады. Жобаларды іске асыру есебінен барлық уақытта 5,5 трлн сомасындағы инвестиция салынды. Оның ішінде өнеркәсіп жобаларын іске асыруға 2,2 трлн теңге бөліді. 2018 жылдан бастап инвестиция тартудың оң динамикасы байқалады. АЭА аумағында өндірілген тауарлар өндірісінің көлемі 5,5 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша жыл сайын оң динамика байқалады және 2020 жылдан бастап жалпы көрсеткіш 1 трлн теңгеден асып түсті,-дейді Марат Бопазов.

АЭА тауар номенкулатурасы өндірістің барлық сапаларында орта және жоғары технологиялық тауарлармен ұсынылған. Мәселен, металлургия өнеркәсібінде -  альюмини қорытпалары, жезден жасалған бұйымдар шығарылады. Машина жасауда – трансформаторлар, электронды жабдықтар, жарықтандыру құрылғылары шығарылады.

АЭА аумағында өндірілген тауарлар өндірісі 5,5 трлн теңгеге жетті

М. Бопазов АЭА аумағында кластердің жоғары даму әлеуеті барын атап өтті. Мәселен, «Қорғас – шығыс қақпасы» арнайы экономикалық базасында соңғы буындағы логистикалық кластері құрылған. «Астана жаңа қала» АЭА-да бұрын Қазақстанда болмаған темір жол жасау машина кластері құрылды. Оңтүстік арнайы экономикалық аймағы тоқыма өнеркәсібін жандандырған. Ұлттық институциональдық мұнай-химия технопаркімен және АЭА Павлодар мұнай-химия кластерінің негізі қаланды.

Жалпы АЭА аумағында 300-ге жуық өнім түрі бар. Отандық арнайы экономикалық аймақ шетиелдік инвесторлар үшін де тартымды болып отыр. Шетелдік инвесторлар қатысатын жобалар саны 70-ке жетіп отыр. Соның арқасында 17 мың жұмыс орыны құрылды. Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 386,9 млрд теңгеге жетті,-деді ол.

Сонымен қатар ол арнайы экономикалық аймақта трансұлттық компаниялар да жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

АЭА-да өндірілген тауарлар экспортының көлемі 378,8 млрд теңге. Экспорт географиясы ТМД, Еуроодақ пен Қытайды қамтиды,-деді  Бопазов.
 

Өзгелердің жаңалығы