Әділов қанша ұрланған қару табылғанын айтты

2 Наурыз 2022, 15:10
1412
Бөлісу:
Әділов қанша ұрланған қару табылғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Барлығы қылмыстық істер бойынша  1,5 мыңнан артық жеке және заңды тұлға жәбірленуші ретінде танылды, 12 мыңнан астам азаматтан куә мен жәбірленуші ретінде жауап алынды, 2200 сот сараптамасы тағайындалды. Бұрын ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, - деді ол.

Әділов одан басқа 21759 оқ-дәрі табылғанын айтты.

Қазіргі уақытта алынған қарудың жалпы саны 1069 бірлікті құрайды, оның ішінде 123 автомат, 231 тапанша, 263 тегіс ұңғылы мылтық, 84 бірлік кесілген қару, 168 граната, 9 гранатомет пен 2 пулемет. Түсіндіру жұмысынан кейін азаматтардың қарудың 100-ден артық бірлігін өз еркімен тапсырғанын атап өтеміз, - деді ол. 

Әділов қылмыстық элементтер заңсыз айналымға түскен қаруды кез келген уақытта бейбіт азаматтарға қарсы қолдана алатынын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы