«ӘДІЛЕТ» партиясының атауы өзгере ме?: Нақты жауап айтылды

Бүгiн 2026, 14:44
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 14:44
Бүгiн 2026, 14:44
183
Фото: ©BAQ.KZ/Арман Мухатов

AMANAT партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін біріккен саяси ұйым өз жұмысын «ӘДІЛЕТ» атауымен жалғастырады. Бұл туралы «ӘДІЛЕТ» партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, AMANAT партиясы «ӘДІЛЕТ» партиясының құрамына қосылу жөнінде бастама көтерген.

Кеше біздің әріптестеріміз – AMANAT партиясы «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылуға ниет білдірді. Бүгін біз бұл ұсынысты қарап, қабылдау туралы шешім қабылдадық, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Оның сөзінше, бірігу туралы саяси шешім қабылданғаннан кейін партияның атауы өзгермейді.

Біріккен партия «ӘДІЛЕТ» атауымен жұмысын жалғастырады. Сондықтан өңірлердегі партиялық нысандарда белгілі бір өзгерістер кезең-кезеңімен жүргізіледі. Маңдайшалар, логотиптер және басқа да визуалды бренд элементтерінің жаңаруы – заңды үдеріс. Алайда бұл өзгерістердің нақты мерзімі әзірге талқыланған жоқ, – деді ол.

Рауан Кенжеханұлы қазіргі таңда бірігуге қатысты жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Барлығы өте жылдам өрбіп жатыр. Бүгінгі съезд және қабылданған шешім бұл жұмысты бастауға берілген маңызды сигнал болды деп ойлаймын, – деді партия өкілі.

Сонымен қатар ол өңірлердегі филиалдарды қайта ұйымдастыру және қажетті заң жүзіндегі рәсімдерді жүргізу жұмыстары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын жеткізді.

Наверх