«Әділет» партиясының кезектен тыс III съезінде партия мүшелерінің ай сайынғы мүшелік жарнасының мөлшері бірауыздан бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қабылданған шешімге сәйкес, еңбекке жарамды жастағы жұмыс істейтін партия мүшелері ай сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 0,1 мөлшерінде мүшелік жарна төлейді. Қалауы бойынша одан жоғары сома төлеуге де мүмкіндік қарастырылған.
Ал студенттер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тыңдаушылары үшін мүшелік жарна АЕК-тің 0,01 мөлшерінде белгіленді. Олар да өз еркімен бұдан жоғары көлемде жарна төлей алады.
Сонымен қатар зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, бала күтімі бойынша демалыста жүрген азаматтар және мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері мүшелік жарна төлеуден босатылды.
Бұл ұсыныс съезд делегаттарының дауыс беруіне шығарылып, қарсы және қалыс қалғандар болмағандықтан, шешім бірауыздан қабылданды.