Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасы әзірленеді – вице-министр

22 Қаңтар 2021, 10:18
1707
Бөлісу:
Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заң жобасы әзірленеді – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Наталья Пан Әділет министрлігінің 2020 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында айтты. 

Алдағы кезеңге норма шығару саласында бірқатар басым міндет қойылды. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының орындалуын қадағалау, заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын қабылдау, - деді Пан. 

Ол атағандай, бүгінгі таңда тұжырымдамалық жоспардың жобасы мемлекеттік органдар мен Парламент палаталарында келісіп жатыр.

- Құқықтық саясат тұжырымдамасын қабылдау;

- Қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті іске асыру;

- Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың құқықтық актілеріне орталықтандырылған сараптама жасауға көшу;

- Норма шығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын Парламентте сүйемелдеу;

Сондай-ақ аталған заң жобасы шеңберінде «Е-заңнама» жүйесі арқылы норма шығару процесін автоматтандыру бойынша жұмыстар қатар жүргізілетін болады, - деді Пан. 

Вице-министр одан бөлек тағы 2 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отырғанын айтты. 

Ол азаматтық заңнаманы жетілдіру және ағылшын және Еуропалық құқық қағидаттары мен ережелерін имплементациялау негізінде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту мәселелері бойынша және әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша заңдар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы