Әділет министрлігі ескертеді: Алаяқтар өздерін сот орындаушылары болып таныстырып жүр

29 Қаңтар 2024, 12:51
1201
Бөлісу:
Әділет министрлігі ескертеді: Алаяқтар өздерін сот орындаушылары болып таныстырып жүр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Әділет министрлігі алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертіп, азаматтарды мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әділет министрлігі алаяқтар өздерін әділет органдарының қызметкерлері немесе сот орындаушылары ретінде таныстырып жүргенін ескертеді. Олар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т. б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етіп жүр, - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның сөзінше, мұндай қоңыраулар келіп түскен жағдайда атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (АІЖО ААЖ) (https://aisoip.adilet.gov.kz/) немесе АИС ОИП мобильді қосымшасы арқылы атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқтығына көз жеткізу қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының байланыс деректерін мына сілтемелер арқылы алуға болады:

- http://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/about/structure/105/1?lang=kk,

- https://aisoip.adilet.gov.kz/forCitizens/departments

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді үшінші тұлғаларға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуді ескертеді.

Сонымен қатар қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы