Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әділет министрі Қанат Мусин журналистердің Сенат ғимаратының жертөлесінде жұмыс істеуі туралы пікір білдірді.
Әр органның БАҚ өкілдерімен жұмысын ұйымдастырғанда өз ережесін шығарады. Мұнда журналистерге депуттармен байланысқа шығып, сұрақ қоюға ешқандай шектеу қойылып отырған жоқ. Әр мекеменің өз тәртібі болады. Мұның заңға ешқандай қайшылығы жоқ, - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Сондай-ақ брифингте Ұлттық Экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа облыстарды құруға шамамен қанша қаражат жұмсалады деген сұраққа жауап берді.
Әлі белгісіз. Бұл сұрақ комиссия шеңберінде талқыланып жатыр. Сол себепті біз қазір бюжеттік өтілімдерді және олардан сұраныстарды күтіп отырмыз. Жалпы, осы бағытта жұмыс жүргізілуде, - деп жауап берді Қуантыров.