Әділет министрі: Президентті бір мерзімге сайлау – демократияның жаңа элементі

16 Қыркүйек 2022, 10:44
771
Бөлісу:
Әділет министрі: Президентті бір мерзімге сайлау – демократияның жаңа элементі

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Отырыста белгілі болғандай, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабына сәйкес Парламенттің қарауына берілді.

Ол Мемлекет басшысының саяси бастамаларына сәйкес, сондай-ақ Парламент депутаттарының ұсынысы бойынша әзірленген.

Заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді.

Түзетулер үш блоктан тұрады:

Бірінші. Мемлекет басшысы биыл 1 қыркүйекте өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында  Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажеттілігінің туындағанын атап өтті және Президент мандатына шектеу қоюды ұсынды. Депутаттар тиісті түзетулерді енгізуді жеделдетіп, оларды президенттік сайлауға дейін қабылдауды ұсынды. Әйтпесе, олардың пайымдауынша, биыл күзде Президент болып сайланатын адамға Конституцияның қолданыстағы редакциясының ережелері бойынша жеті жылдық мерзімге қайта сайлауға мүмкіндік беретін заңды жағдайлар туындауы мүмкін, - деп атап өтті Әділет министрі. 

Айтуынша, осыған байланысты Заң жобасы кейіннен қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы жеті жыл бір президенттік мерзім туралы ережелерді қамтиды. 

Ұсынылған Конституциялық новелла биліктің монополиялану тәуекелдерін едәуір төмендетеді және билікті қалыптастыру мен жұмыс істеуінің өркениетті қағидаттарын белгілеп, саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылыстың қазақстандық моделінің орнықтылығын нығайтады. Депутаттар ұсынғандай, Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент сайлаған адамдарға қолданылатын болады. Сондай-ақ Конституцияның Президенттің өкілеттік мерзіміне және оны қайта сайлау жөніндегі шектеулерге қатысты ережелерінің өзгермейтіндігін белгілейтін түзету көзделген. Бұл болашақта Президент өкілеттігінің еселігін немесе мерзімін ұлғайту мүмкіндігін болдырмайды. Осылайша, Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу туралы норма Конституцияның ажырамас бөлігіне айналады және кейіннен қайта қаралмайды, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы