Мәжілісте депутат Қазыбек Иса сайлау әділ өтуі үшін сайлау учаскелеріне бейнебақылау камерасын орнатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депутат сайлауға қатысты депутаттық сауалын Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.
Ерекше назар аударатын мәселе – ешқандай сайлау комиссиясының мүшелері бюджеттік мекеменің қызметкері болмауы тиіс. 2017 жылдан бастап біз талай рет Орталық сайлау комиссиясына әр сайлау учаскесіне камера орнату туралы ұсыныс жасаған болатынбыз. Мұндай бақылау дауыс берудің ең жақсы әрі ашық кепілі, - дейді депутат.
Сөзінше, сайлаудың қорытындысына ел сенімі артады. Бейнебақылау камераларын автоматтық жүйесімен жабдықтау бірнеше сайлау учаскелеріне дауыс беретін карусельдерге тосқауыл қояды.
Дауыс беруді беллютендер жақын көрсетілуі керек. Бұл шара өте маңызды. Себебі дауыс беру кезінде бюллетеньдердің жойылып кететінін білеміз. Бұл халық пен билік аясындағына сенімді арттырады. Алайда «Ақ жолдың» осы және 60 ұсынысын Үкімет пен билік партиясы, басқа фракциядағы әріптестеріміз қарсы шығып, өткізбей келеді. Мұндай бейнебақылау көп елде бар. Қырғызстан оны 10 жыл бұрын енгізген, - дейді Қазыбек Иса Мәжілісте
Оның айтуына қарағанда, Үкіметтің сылтау етіп отырған қаржылық шығынын талай бағдарламаларға жұмсаған шығыннан артық емес. Мемлекетке ел сенімі мен қоғам тұрақтылығы қажет пе? Қажет болса, сайлау әділ өтуі үшін түрлі сылтаумен кедергі жасамай, осы ұсынысты қолдауы керек.
«Ақ жол» еліміздегі барлық сайлау учаскелерінде бейнемониторинг енгізуді қайта ұсынады. Әділ сайлау өткізу үшін бұдан басқа жол жоқ, - деп айтты депутат Қазыбек Иса.