Алматы, BAQ.KZ. Тартымды әйелдердің орта және жоғары буын басшылығында сирек кездесуі «ауыртпалық әкелетін әйел» әсерімен байланысты. Осындай шешімге келген әлеуметтанушылардың мақаласы Sex Roles журналында жарияланды.
Оқи отырыңыз:
«Көп жағдайда өте көрікті әйелдерді ерлер де, әйелдер де өз өмірлеріне қатер төндіріп, тыныштығын бұзатын адам ретінде қабылдайды», - дейді Пуллмэне университетінің ғалымы Ли Шеппард.
Айова штатында дәрігер-стоматолог өз ассистентін өте әдемі болғаны үшін жұмыстан қуған. Оған себеп – әдемі көмекші оның жұмысқа деген назарын бөліп, ұйып отырған отбасына қатер төндірген. Осы жағдайдан кейін ғалымдар әдемі әйелдердің неліктен өзгелерге қауіп төндіретінін зерттеуді қолға алған.