Әдеби эстафета Қарағандыға жетті: Өңір басшысы қандай кітап ұсынды?

Өңір басшысы технология дәуіріндегі білімнің маңызын атап өтті.

 Қарағанды облысы әкімдігі Бүгiн 2026, 12:44
Бүгiн 2026, 12:44
119
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды – қара алтын мен кемел білім астасқан өлке: «Кітап оқитын ұлт» жобасының эстафетасы кенді өңірге жетті.

Қоғамның танымдық көкжиегін кеңейтуде «Кітап оқитын ұлт» жобасы кітапқа құштар қауымды біріктіретін қуатты серпінге айналды. Жоба аясында өңірлер арасында өріс алған әдеби эстафета Қарағанды облысына ресми түрде табан тіреді.

Ақтөбе облысының әкімі Асайын Байханов кітап таңдау кезегін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа жолдады.

Кенді өңір басшысы әдеби аманнатты үлкен жауапкершілікпен қабылдап алып, оқырмандар қауымына әлемдік бестселлер - Клаус Швабтың “Төртінші индустриялық революция” кітабын оқуды ұсынды.

Технология дамып, ақпарат ағыны күшейген сайын кітаптың адам өміріндегі орны бұрыннан да арта түсті. Кітап - ойды жүйелеуге, дүниетанымды кеңейтуге және үздіксіз ізденуге үйретеді, - деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі әдеби эстафета жолын әрі қарай жалғастыру үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановқа жолдады.

Наверх