Адай тұқымды жылқы жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді

29 Желтоқсан 2023, 12:09
1121
Бөлісу:
Адай тұқымды жылқы жаңа ұлттық бренд ретінде тіркелді
Фото: Әділет министрлігі

Әділет министрлігі Адай тұқымды жылқыны жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша Үкіметке Адай асыл тұқымды жылқысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу және өсімін молайту бойынша жұмысты жедел жүргізуді тапсырған болатын.

Осы мақсатта Әділет министрлігі Адай жылқысының алты жаңа тұқымын Қазақстан Республикасының селекциялық жетістігі ретінде тіркеу және патент иеленушінің селекциялық жетістікті пайдалануға айрықша құқығын, оның басымдығы мен селекционердің авторлығын куәландіретін патенттер берді.

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсанында Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Ауыл шаруашылығы министрлігі Апробация жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытындысы негізінде селекциялық жетістікке алты патент беру туралы шешім қабылдады және селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркеді.

2023 жылғы 29 желтоқсанда патенттер беру туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланды.

Адай жылқысының жаңа тұқымдарына Патент алу оны одан әрі сақтауға және іріктеуге, сондай-ақ туризм мен Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін дамытуға ықпал ететін болады.

Өзгелердің жаңалығы