Адамзат тәрбие арқылы мәдениетті насихаттайды. Дәуешов сахнада әдепсіздік көрсеткендер туралы айтты

4 Маусым 2022, 12:12
2306
Бөлісу:
Адамзат тәрбие арқылы мәдениетті насихаттайды. Дәуешов сахнада әдепсіздік көрсеткендер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов «Ирина Кайратовна» мен Shiza-ның сахнадағы әрекетіне қатысты ойын айтты.

Естеріңізде болса, Алматыда спорт сарайында ұйымдастырылған концертте «Ирина Кайратовна» мен Shiza сахнада ерсі әрекет көрсетіп, былапат сөздер айтқан болатын. 

3 мамырда Сенаттың жалпы отысында депутат Нұртөре Жүсіп сахнада былапыт сөз айтып, сондай-ақ ішімдік ішіп, ескірткі пайдаланып шыққандарды сахнадан 5 жылға дейін шеттету керегін айтты.

Осы мәселеге қатысты Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың пікірін білдік.

Алматыға іссапармен бармағанымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздерді пайдаланудың ережесін қатаңдату керегін айтып, тапсырма берген болатын. Әрине келеңсіз жағдай болды. Бұл - бүкіл азаматтың намысына тиетін жағдай. Десе де мұндай жағдайлар ең алдымен азаматтардың тәрбиесіне байланысты болады. Кез келген ата-ана баласын тәрбиелі, үлгі тұтатындай азамат болып өскенін қалайды. Сол себепті бірінші кезекте тәрбиеге мән беруіміз керек, - деді Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі.

Дәуешов атап өткендей, күллі адамзат тәрбие арқылы мәдениетті насихаттайды.

Балаларымызға кішкентайынан жақсы тәлім-тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, оны насихаттаудың маңыздылығын түсіндіре білуіміз керек. «Мәдениет туралы» заңда әр іс-шараға тәртіптер бекітілген. Енді сенатор оны қатаңдатуды ұсынып отыр. Оны қоғаммен талқылап, ережелерді қатаңдату бойынша жұмыстар істейміз, - деп айтты ол.

Айтуынша, енгізілетін өзгерістер ешбір азаматтың құқығын шектемейтіндей болуы керек. Бірақ елімізге, рәміздерімізге қатысты ережелерді қатаң сақтауын талап етуіміз қажет.

Нұрғиса Дәуешов 2020 жылв «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Оның сөзінше, ұйымдастырушылардың жауапкершілігі, әкімшілік құқық бұзуға байланысты арнайы баптар бар.

Бүгін елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған республикалық патриоттар форумы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы