Адамның шоколадқа құмарлығы нені білдіреді?

17 Сәуір 2023, 21:30
2520
Бөлісу:
Адамның шоколадқа құмарлығы нені білдіреді?
Фото: infosmi.net

Нутрициолог Игорь Строковтың айтуынша, организмде сүйек тіні қалыптасуы үшін, қандағы қант мөлшерін реттеу үшін, организмдегі басқа да маңызды функциялардың жүзеге асып тұруы үшін  магний жеткілікті мөлшерде болуы шарт, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Адамның шоколадқа құмарлығы магнийдің организмде жетіспейтінін білдіруі мүмкін.

Маманның сөзінше, магнийдің жеткілікті мөлшерін тағамнан алуға болады. Ол бұршақта, қою жасыл түсті жапырақты көкөністерде, жаңғақтар мен дәнді-дақылдарда көптеп кездеседі. Бұл ретте қара шоколадта да магнийге бай екенін айта кету керек.

Құрамында какао мөлшері көп болғандықтан, қара шоколад магнийге бай өнімдердің бірі болып есептеледі, - деді сарапшы.

Нутрициолог калориясы жоғары болуына байланысты шоколадты аздап жеген дұрыс дейді. "МедикФорум" мәліметінше, денсаулыққа ең көп зиян тигізетін - ақ шоколад. Себебі оның құрамында белгілі бір заттектер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы