Адами капиталға үлкен мән берілді – докторант

29 Мамыр 2020, 13:35
1603
Бөлісу:
Адами капиталға үлкен мән берілді – докторант
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ЕҰУ физика-техникалық факультетінің 2 курс докторанты Асыл-Дастан Базарбек  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында талқыланған мәселеге байланысты пікірін білдірген еді.

Ел Президентінің төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы, негізінен, денсаулық сақтау мен білім беру саласының мәселелеріне арналды. Жиында Мемлекет басшысы осы аталған салаларды одан әрі реформалау бойынша нақты ұстанымдарын жария етті. Кеңес мүшелері де өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Мен мұны Ресейдің Новосібір қаласында үш айлық тағылымдамадан өтіп жүріп әлеуметтік желі арқылы таныстым. Маған қатты ұнады, қайта-қайта оқыдым, - деді ол. 
Сонымен қатар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қоғамдағы өзекті мəселелерді уақтылы көтеруімен ерекшеленіп келетінін жасырмады.
Бұл Президент айтқан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының іске асып отырғанының көрінісі. Себебі қоғамдық мəселелердің көшеде емес, осындай кеңесте дер кезінде талқыланып, шешімдердің ұсынылуы өте маңызды деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі күн тəртібіндегі басты мəселе – адами капиталды дамыту. Ал адами капиталды көтеру азаматтардың білім мен денсаулық сапасын арттырумен тікелей байланысты, - деді докторант. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға бөлінетін қаржының көлемі өсетінін және жаңа ахуал білім беру мен ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап ететінін айтқан еді.
Яғни, 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат алты есе, ғылым саласына жеті есе өсетінін хабарлады. Бұл елдегі ғылымның дамуына үлкен серпін болмақ  және біз секілді жас ғалымдар үшін үлкен қуанышты хабар болды. Ел Президентінің айтуынша, сонымен бірге ауыл мен қала мектептерінің ахуалы теңестіріліп, техникалық мүмкіндігін жүйелеу қарастырылады. Елді мекендерде шығармашылық орталықтар санын көбейту тапсырылды. Үш ауысымда білім беру тоқтатылып, алдағы 4 жылда 650 000 орындық 800 мектеп, 700 спорт кешені салынатыны айтылды. Бұл келер ұрпақтың жақсы білім алуына зор мүмкіндік ашу деп білемін, - деді Асыл-Дастан Базарбек.   
Ол сондай-ақ, бұдан кейін педагогтердің мəртебесіне назар аударып, оларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы беделді, танымал тұлғаларға айналатынына сенімді.
Осылайша, педагогтерге арнайы медаль тағайындалып, білім, денсаулық сақтау жəне əлеуметтік салада жемісті еңбек еткендерге жаңа "Халық алғысы" медалі берілетін болды. Қашықтан оқыту білім саласының жаңа қырын ашқанына тоқталған Президент педагогикалық білімді жаңғыртуды жүзеге асыруда оқулықтарды 100 пайыз жаңартып, заманауи дəуірге лайықтау қажеттігіне де екпін берді, - деді ол өз сөзінде. 
Сондай-ақ, докторант Президенттің тапсырмасымен 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару жəне оларды қаржыландыру облыстық деңгейге өтетініне тоқталып, мұғалім мамандығының маңызы ерекше екенін айтты. 
Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістер негізінен халықаралық талаптарды ескеріп, нақты ғылымдар мен технология, ағылшын тілін оқыту секілді бағыттарға басымдық берді. Менің ойымша, бұл өте маңызды және қажет. Тағы бір айтып өтетіні, ауыл мен қаладағы интернет байланысының теңестірілуі де жағымды жаңалық. Енді ауыл балалары да интернетке қол жеткізеді деген сенімдеміз, - деді ол.



Өзгелердің жаңалығы