Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Солтүстік Аризона Университеті мен Трансляциялық геномика институтының бір топ ғалымдары кейбір адамдардың пандемияға дейін коронавирустық инфекциялармен ауырғаны оларға SARS CoV-2 (COVID-19) індетімен күресуге көмектеседі деп санайды.
Сарапшылар мұндай тұжырымға бірнеше коронавирустық инфекциялардың түрлеріне: MERS-CoV және SARS-CoV-1, сондай-ақ адам өліміне әкелмейтін және белгілері суық тигізіп алғанға ұқсас қосымша төрт коронавирустың иммундық реакциясын зерттегеннен кейін келген.
Ғалымдар SARS-CoV-2-нің, өткен жылға дейін айналымда болған басқа коронавирустардан адам ағзасында түзілген антиденелердің реакциясын тудыруы мүмкін екендігіне көз жеткізген.
Демек, бізде қазіргі вирусқа қарсы иммунитеттің белгілі бір дәрежесі болуы мүмкін, - деп түсіндірді инфекционист және зерттеулердің авторларының бірі Джон Алтин.
Вирусологтар жүргізген зерттеулерінің нәтижелері кейбір адамдарда COVID-19 белгілері неліктен жеңіл немесе мүлдем болмайтынын, ал басқаларында індет ауыр түрінде өтіп, ауруханаға жатқызылуы мен өлімге әкелетінін түсіндіруге көмектеседі деп есептейді.