Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті қалай күшейеді?

7 Қыркүйек 2022, 10:51
787
Бөлісу:
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті қалай күшейеді?

Уәкілдің құзыреті мен өкілетін күшейтетін бірқатар бастама бар, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң жобасы бойынша Әділет министрі Қанат Мусин баяндама жасады. 

Біріншіден, Конституция нормаларын іске асыру мақсатында Заң жобасында Уәкілдің адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігі мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы көзделген, - деді Мусин. 

Министр атағандай, басқа мемлекеттердің шақыруы бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байқаушы ретінде әрекет ету құқығын беру ұсынылады.

Үшіншіден, Уәкілдің құзыретін күшейту мақсатында оның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне кедергісіз бару құқығы бекітіледі. Уәкілдің қызметін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру бөлігінде Заң жобасында адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталық басшысының орынбасары лауазымын енгізу, сондай-ақ Ұлттық орталықтың қосымша функциялары белгіленеді, - деді Мусин. 

Оның айтуынша, уәкілдің қызметіне Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру үшін құқықтық негіздер жасайды.

Конституциялық заң жобасын қабылдау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі, оған Республика Конституциясымен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру үшін құқықтық негіздер жасайды деп пайымдаймыз, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы