Адам өлтіріп, тонағандарды ұлт батырларына айналдырудың қажеті жоқ – Президент

15 Маусым 2022, 17:09
1391
Бөлісу:
Адам өлтіріп, тонағандарды ұлт батырларына айналдырудың қажеті жоқ – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Сонымен қатар ол жарты жыл бұрын орын алған «Қаңтар оқиғасының» тергеу жұмыстарына қатысты пікірін білдірді.

Біз бұл мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысып, Қазақстанның мемлекеттік құрылымына шабуылдау, сондай-ақ Мемлекет басшысын өз қызметінен тайдыруға тырысты деген позицияны ұстанамыз. Жағдайды тәжірибелі кәсібилер жақсы ойластырған. Олар адамдарды әкімшілік ғимараттарға алып барды. Осы қайғылы оқиғалар кезінде 3000-дай қару-жарақ ұрланғанын айту керек. Бүгінге дейін шамамен 1600 бірлік анықталды. ЯҒни қалған қару-жарақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бәлкім ол шетел асып кетуі мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр, ол мейлінше егжей-тегжейлі жүргізілуде, үлкен қиындықтары да бар, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар Президент бұл оқиғалардың ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері өздерін кәсіби ұстағандары соншалық, әшкерелейтін өте маңызды іздерін жасырып үлгерген деп отыр. Оның үстіне, ведомствоаралық арнайы топ мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысқан әрекеттердің егжей-тегжейін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. 

Арнайы топ Алматыда барлық бақылау камераларын жоюмен айналысқан. Мұны аса кәсібилікпен жасаған. Алматыны қиратқандар аса қатігез болған. Адамдар шектен шыққан азаптауға ұшырады. Дәрігерлер, қарапайым азаматтар зардап шекті. Тонаушылар базарларды тонады. Екі негізгі әкімшілік ғимарат – Алматы әкімдігі мен Президенттің резиденциясын өртеді. Президенттің резиденциясы қалпына келтіруге келмейді, ол жерге саябақ салынады. Сондай шешім қабылдадым, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ол Алматыда орын алған оқиғаларды жеңілдетпеу керек деп отыр. 

Оның үстіне, адам өлтіріп, тонағандарды, мемлекеттік қағидаларға қарсы шыққандарды ұлт батырларына айналдырудың қажеті жоқ. Соған қарамастан, біз қажет болған жағдайда туыстарының өтінішіне сәйкес адамдарға рақымшылық танытып, босатамыз, бірақ қылмыстық іс қозғалады. Қазіргі уақытта тек 26 адам нақты мерзімге сотталды. Қалған барлық іс тергеліп жатыр. Трагедияның ауқымы кең және қысқа кезең ішінде істің ақ-қарасын анықтау барынша қиын, - деді Президент.  

Өзгелердің жаңалығы