Көктайғақ салдарынан ер адамның тайып құлап қаза тапқаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
А 108 көшесі, 20-үй маңындағы автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған. Жедел жәрдем бригадасы биологиялық өлімді тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада көктайғақ салдарынан ер адам қаза тапты деген ақпарат тараған еді.