ADAL партиясының өкілдері Қостанай тұрғындарымен кездесті

19 Желтоқсан 2020, 17:41
2184
Бөлісу:
ADAL партиясының өкілдері Қостанай тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті.

Тұрғындар ауыл шаруашылығы үшін жердің жетіспеушілігі, фермерлердің ескірген техникасы, тозған коммуналдық желілері тәрізді мәселелерді көтерді. 

Сонымен қатар партияның Қызылордадағы кездесулері де өте мазмұнды болды. Оларды ADAL партиясының өкілдері Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев жүргізді.

ADAL партиясының өкілдері Қостанай тұрғындарымен кездесті


 

Жергілікті тұрғындар тегін медицина, білім беру жүйесі - университеттердегі практикалық сабақтардың 60%-ға дейін ұлғаюы, баспана алғысы келетіндерге нақты көмек ретінде сертификат беру мәселесін көтерді. 

 

Бұдан бөлек партия өкілі Лаззат Шыңғысбаева Алматы облысы Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесіп, жергілікті базарды аралады.

Өзгелердің жаңалығы