ADAL партиясы AMANAT-қа қосылды

26 Сәуір 2022, 16:05
4063
Бөлісу:
ADAL партиясы AMANAT-қа қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде ADAL саяси партиясы AMANAT-қа қосылды.

Съездің күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша делегаттар дауыс берді.

Ең алдымен AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы қаулыға дауыс беруді ұсынды.

Нәтижесінде делегаттар бірауыздан ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуын қолдап, дауыс берді.

AMANAT пен ADAL партияларының бірігуі «Жаңа Қазақстанды» құру міндеттерін бірлесіп жүзеге асыратынына сенеміз, - деді Асхат Оралов.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT-тан кетті.

Сондай-ақ ол партияның төрағасы лауазымына Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынды.

Съез кезінде AMANAT партиясының төрағасы лауазымына Ерлан Қошанов сайланды.

Өзгелердің жаңалығы