ӘЧ: Самбодан еліміздің балуандары 2 күміс, 2 қола медаль алды

12 Қараша 2022, 02:27
1317
Бөлісу:
ӘЧ: Самбодан еліміздің балуандары 2 күміс, 2 қола медаль алды

Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында ел құрамасы қоржынына екі күміс, екі қола медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионатында ерлер арасында 58 келіде сынға түскен Қайырберді Айдынбай финалда ресейлік Саян Хартекке жол беріп, күміс медалды қанағат тұтты.

Финалда алғашқыда ол қарсыласын жеңіп тұрған еді. Соңғы сәтте қателікке бой алдырып, жеңісті қарсыласына беріп қойды.

Ол бұдан бұрын қырғызстандық Нұрғазы Жанбосынов, жапониялық Генки Баба, өзбекстандық Достон Рузаевты жеңді.

Ал әйелдер арасында Гүлдана Әлмұхамбетова (54 келі) қола жүлдегер атанды. Алдымен моңғолиялық Номинтуя Енхбатар, қырғызстандық Аяна Рысқұлбековадан басым түсті. Жартылай финалда беларусьтік Алина Купаеваға есе жіберіп, қола медаль үшін сайыста өзбекстандық Угилхон Кенжебоевадан басым түсті.

Сондай-ақ самбодан Есентай Имаханов (64 келі) пен Маргарита Бажаева (50 келі) жартылай финалға дейін жетті. Екеуі де қола медаль үшін сайыста қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден құр қалды.

Ал жауынгерлік самбода Асылбек Смайылов (79 келі) «күміс» алса, Райхан Мәди (98 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын парадзюдодан ӘЧ Қазақстан командалық қола жүлдеге ие болды.

Өзгелердің жаңалығы